Атырау, 26 қараша 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ЕАЭО елдеріне импортқа шектеулер енгізу үшін келісім жасаудың қажеті жоқ – сарапшы

1 623 просмотра

Image 0Фото: Қазақстан жаңалықтары ААШартта бір жақты шаралар енгізу құқығы қарастырылған, сондықтан кез келген мемлекет өз аумағына кіретін тауарлар ағынын тоқтата алады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция мен макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі министрі Татьяна Валовая мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері сыртқы импортқа біржақты шектеулер енгізу мәселесінде өз саясатын жүргізуге құқылы.

«Бұл мәселеде ешбір мемлекет бәтуға келуге міндетті емес, шартта бір жақты шаралар енгізу құқығы қарастырылған, сондықтан кез келген мемлекет, мысалы, Ресей өз аумағына кіретін тауарлар ағынын тоқтата алады, алайда ЕАЭО елдерінің аумағына өзге елдерден әкелінетін жүкке шектеу қоя алмайды және оны жоспарлауға құқылы емес», — деді Валовая.

Оның айтуынша, бұл жайлы ЕАЭО шеңберінде пікірталас өтіп жатыр. Себебі бір жақты шараларға қатысты мемлекеттік құқық қағидаларын ескеру керек. Дегенмен, олардың іске асуы ЕАЭО жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл алдымен Ресей аумағынан басқа елдерге өтетін тауар тасымалына қатысты.

«Ол үшін кедендік, санитарлық сияқты бақылау мекемелерінің бірлесе жұмыс істеуі қажет»,- деді ол.

«Реэкспорт есебіндегі тапсырыстарды (санкциялық өнім) тексеру барысында кеден мекемелерінің бірлесе жұмыс істеуі өте маңызды. Айтарлықтай мәселелер жоқ болғанмен, Беларусь аумағына жеткен тауар өңдеуден өтіп, біздің нарыққа түсетінін ескереміз»,- деді министр.

Дереккөз: bnews.kz

7 желтоқсан 2015, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.