Атырау, 29 қараша 07:56
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Директор тыңдау болатынын айтты (толықтырылды)

2 557 просмотра

Image 0«Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС (ТҮКҚК) 18 қарашадағы хатында жылумен қамту тарифін көтеруге берген өтінімін кері қайтарып алды («Вахтер тыңдаудың өтпейтінін айтты» мақаласын қараңыз). Ал 24 қарашада ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментіне (ҚРТМРжБҚД) оны қайтадан берді. Бұл туралы ТҮКҚК директоры Зұлхаш НАУБЕКОВ хабарлады.

Жұртшылық тыңдауы, оның айтуынша, шамамен 23 желтоқсанда өтеді. Орны мен өтетін уақыты әзірге белгісіз. Алайда З.Наубеков тұрғындарға алдын ала хабардар етуге уәде берді.

ТҮКҚК көппәтерлі 64 үйге қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның балансында түрлі қуаттылықтағы он қазандық пен 16,5 шақырым жылу трассасы бар. Штат бойынша 95 адам жұмыс істейді, соның ішінде қазандықтың 30 операторы, подъездің 22 сыпырушысы, 10 аула тазалаушы, 10 сантехник бар. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖШС кіріс түрінде 96,8 млн теңге табыс тапты. Ал еңбекақыға – 53,7 млн, шығын материалдарына – 26 млн, электр қуатына – 8,9 млн, газға – 25,2 млн, салыққа 12,9 млн шығын жұмсады. Кәсіпорынның өткен жыл ішіндегі тікелей шығындары жылумен қамту тарифінің нақты шығындармен сәйкессіздігі салдарынан 30 млн теңгедей құрады. Биыл да шамамен осындай қаржы ахуалы болады, - дейді З.Наубеков.

2012 жылға дейін ТҮКҚК-де баспананың бір шаршы метрі үшін жылу тарифі 72 теңге мөлшерінде қолданыста болды. Бірақ жергілікті билік органдары Мақат ауданының Байшонас, Комсомол және Ескене поселкелерінен көшіп келген тұрғындарға олар облыс орталығынан әзірге жұмыс тапқанша бұл тариф бойынша төлеу қиын болады деген тұжырымға келді.

ҚРТМРжБҚД бұйрығымен тариф «шаршы» үшін 41,01 теңгеге дейін төмендетілді. Енді ТҮКҚК қызметті 155 теңгеге дейін, яғни 3,7 есеге дейін қымбаттатуға өтінім берді.

Бізде аула сыпырушының еңбекақысы 24 мың теңгені құрайды. Сондықтан кадрлар жұмысқа тұрақтамайды. Тұрбалар, ысырмалар, цемент пен басқа шығын материалдарын қарызға аламыз. Мен ұжымды және жылу жүйесінің жұмыс жасау қабілетін сақтап қалуға тырысамын. Алайда тарифті көтермейінше бұл өте ауыр болады, - деп қынжылыс білдірді З.Наубеков.

– Ал қалалық әкімдік неге көмектеспейді?

Бізде дербес ЖШС-міз, сондықтан бюджеттен ешқандай демеуқаржы алмаймыз. Апат бола қалған жағдайда «Арнаулы автобаза» мен «АтырауСуАрнасы» арнайы техникамен көмектеседі. Қала әкімі Ожаевтың арқасында биыл 10 қазандықтың алтауы резервтік қазандықтармен жарақталды.

Жұма күні ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлсейіт САБЫРОВ бізге тыңдаудың 23 желтоқсан күні сағат 11.00-де Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өтетінін хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

5 желтоқсан 2015, 23:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.