Петербордағы Муринск жолында белгісіз біреулер УАЗ автомобиліне оқ жаудырды. Көлік отқа оранып, жарылды. Алдын ала болжамға қарағанда, онда полицейлер болған.
БАҚ-та бұл оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер шығуда.
Бүгін, 4 желтоқсанда, шамамен таңғы 11-де Муринск жолында УАЗ жеңіл көлігі отқа оранып, жарылды. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер оған автоматтан оқ жаудырған. Қаскүнемдер оқиға орнынан көк түсті "Хендай Аксент" көлігімен іздерін суытты. Олар өздері жойған көліктен бір сөмкені алып қашқан.
Оқиға куәгерлері айтқандай, УАЗ-да полицейлер болған. Бастапқыда бандылар "Газельдің" көмегімен көліктің жүруіне кедергі келтірген, артынша оған оқ жаудырды. Куәгерлерге сенсек, бір полицей оқ жарақатынан қаза тапқан, тағы бірін күйік шалды. Оқиға орнына олардың әріптестері жетті.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, отқа оранған УАЗ-да инкассаторлардың көлігін күзеткен полицейлер болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат