Атырау, 21 қыркүйек 06:03
 ашықВ Атырау +20
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

​Телефон лаңкесіне үкім шықты

2 466 просмотра

Image 03 желтоқсанда №2 Атырау қалалық соты Алматы облысының тұрғыны М.Т.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша үкім шығарды

Атырау қаласы прокуратура бөлімінің прокуроры Гүлфайруз ҚҰСАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, М.Т. 10 қыркүйектесағат 11.15-те автовокзал маңында жүріп, өз телефонынан ТЖ департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, ғимарат ішінде жарылуы мүмкін қара дорба жатыр деп хабарлайды. Тексеру ақпараттың жалған екенін көрсетті.

Келесі күні сағат 9.30 шамасында Привокзальный ықшамауданында жүріп, ол тағыда ТЖД-ға телефон соғып, «Атаба» супермаркеті ғимаратында бомба бар деп хабарлады. Мамандар ештеңе таба алмады, осы күні полиция қызметкері қаскүнемді «Атырау» сауда орталығы жанынан ұстады.

Сот оны екі жылға жалпы режимдегі колонияда бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 желтоқсан 2015, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.