Атырау, 26 қараша 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Америкалық дәрігер жылап жатқан нәрестені тез жұбатудың әдісін анықтады

2 108 просмотра

Image 0

Балалармен жұмыс істеуде 30 жылдық тәжірибесі бар америкалық педиатр Роберт Гамильтон (Robert C Hamilton) жылап жатқан нәрестені дереу жұбататын әдіс ойлап тапты. Ерекше тәсілімен ол YouTube видеохостингіндегі өзінің арнасында бөлісті.

Оның айтуынша, нәрестені тыныштандыру үшін оның қолдарын кеудесіне қою керек. Содан кейін баланы 45 градус бұрышпен ұстап, ары-бері тербеген жөн.

Дәрігер бұл әдісті үнемі қолданатынын және әрдайым нәтижелі екенін мәлімдеді. "Мұны нәрестенің жаңа туған кезінен бастап үш айға толғанға дейін қолданған жөн. Сонымен қатар, бұл әдісті шала туған балаларға да қолдануға болады, тек абай болу керек", - деді маман.

Дереккөз:tengrinews.kz

4 желтоқсан 2015, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.