Атырау, 1 мамыр 19:29
 бұлттыВ Атырау +13
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Үш жылға бас бостандығы мен шенінен айырды

2 652 просмотра

Image 0Атырау қаласының №2 сотында пара алды деп айыпталған №2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу материалдары бойынша, полиция капитаны М.С. Атырау қаласының №2 сотына бұрын сотталған азамат О.С.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік қадағалау белгілеу туралы ұсыным жібереді. Алайда учаскелік инспектор ұсынымда кейбір құжаттардың жетіспейтіндігін біліп, сотқа материалды қайтару туралы хат жолдайды. Ұсынымның қаралмай қалғанын алдын ала білген полиция қызметкері О.С.-мен кездесіп, болашақта мұндай ұсыным жібермеуге сөз беріп, «қолдау көрсеткені» үшін 190 мың теңге талап етеді. Ал О.С. мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер департаментіне шағымданады. Нәтижесінде инспектор ұсталды.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, сот залында қамауға алынды. Оған үш жыл бас бостандығынан және полиция капитаны шенінен айыру жазасы кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 желтоқсан 2015, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.