Атырау, 22 маусым 11:22
 дождьВ Атырау +20.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

​Бірліктегі жаңа балабақша

2 421 рет қаралды

2 желтоқсанда қала маңындағы Бірлік ауылында КТК компаниясының қолдауымен салынған №33 «Көркемай» балабақшасы пайдалануға берілді.

Геолог селолық округінің Бірлік ауылындағы 160 орындық мектепке дейінгі мекемені «Мұнай Автоматика Сервис LTD» ЖШС салған. Жоба құны – 420 млн теңге. Ғимараттың бірінші қабатында медицина кабинеті, кір жуатын орын, төменгі топтар үшін жатын және ойын бөлмелері орналасқан. Орта және жоғарғы топтарға арналған жатын және ойын бөлмелері, сондай-ақ, спорт залы, музыка залы, әкімшілік кабинеттер екінші қабатқа жайғастырылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 желтоқсан 2015, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.