Атырау, 29 қараша 07:31
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Газшілер тұрғындар үшін өз орталықтарын ашты

2 155 просмотра

3 желтоқсанда Атырауда Досмұхамедов көшесі, 4 мекенжайындағы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалының ғимаратында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Ашылу салтанатына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ақылбай САПАРОВ пен облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ қатысты.

А.Сапаровтың айтуынша, «ҚазТрансГазАймақ» осындай орталықтарын Қостанайда, Тараз бен Шымкентте ашқан екен. Тұтынушылар бұл жерде «бір терезе» принципі бойынша бүкіл қызмет түрлерін ала алады.

Орталық жалпы 26 қызмет түрін көрсете алады. Мәселен, қосылу үшін техникалық шартты бекітуге бес күнге дейін уақыт қарастырылған. Клиенттерге қолайлы болу үшін SMS-жіберілім енгізілген. Ол тұтынушыларды құжаттарының әзір екендігі туралы хабардар етеді. Электронды кезек бойынша менеджердің шақыртуын күтетін клиенттердің тегін интернетті пайдалануға мүмкіндіктері бар. Ұялы телефонды қуат көзіне қосу нүктелері бар.

«Бүгінгі күні өңірде 113 мыңнан астам абонент бар», делінген «ҚазТрансГазАймақ» АҚ таратқан баспасөз хабарламасында.

- Қазіргі кезде облыс халқының 98 пайызы табиғи газды қолданады, - деп хабарлады Ғ.Дүйсембаев. – Қазір Азғыр аймағының 9 елді мекені бағытында газ құбырларын салу жобасы мен поселкеішілік газ құбырын салу жобасы әзірленуде. Өте шағын ауылдар бар – ол жерлерге газ жүргізілмейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

3 желтоқсан 2015, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.