Түркия билігі ресейлік ұшқыштардың өлімі үшін қызанақтармен және құрылыс компанияларына шектеулермен құтылмайды, олар істеген істеріне әлі талай өкінетін болады деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин Федералдық жиынға жыл сайынғы жолдауында, деп хабарлайды РИА Новости.
АСТАНА, 3 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Түркия билігі ресейлік ұшқыштардың өлімі үшін қызанақтармен және құрылыс компанияларына шектеулермен құтылмайды, олар істеген істеріне әлі талай өкінетін болады деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин Федералдық жиынға жыл сайынғы жолдауында, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бізден жүйкелік, долы, біздің өзімізге және бүкіл әлемге қауіпті реакция болмайды… Бұл болмайды. Біздің әс-әрекетімізде негізінен ең алдымен еліміздің және халқымыздың алдындағы жауапкершілік болады", — деді президент.
Ол Ресей "қару-жарағын жарқылдатып қорқытпайтынын" атап айтты.
"Алайда кімде-кім жымысқы әскери қылмыс жасап, біздің адамдарымызды өлтіріп, қызанақтармен немесе құрылыс және басқа салалардағы кейбір шектеулермен құтылып кетеміз деп ойласа, олар қатты қателеседі. Біз әлі талай олардың не істегендерін естеріне саламыз. Және олар істеген істеріне әлі талай өкінетін болады. Бұл ретте біз не істеу керектігін білеміз", — деп мәлімдеді президент.
Дереккөз: newskaz.kz