Атырау, 2 мамыр 03:58
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Арам ойсыз» ата-аналарды үрейлендірді

3 137 просмотра

Атыраудағы екі мектепті жарамыз деген көрінеді деп жалған мәлімет таратқан әйелге қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Өткен аптада Атырау тұрғындары вотсап арқылы дыбыстық хабарлама ала бастады. Әлдебір әйел мектептегі ата-аналар жиналысынан жаңа ғана келгенін, онда директордың ата-аналар комитетінің мүшелерінен балаларды бақылауды күшейтуді өтінгенін, өйткені «жарамыз деп қоқан-лоққы көрсеткен хабарлама келгенін» айтты деп растайды. Әрбір екі сағат сайын педагогтар мектептегі ахуал туралы жоғары сатыдағы мекемелердің алдында есеп беруге тиіс екен-мыс. Әйел тіпті күлі көкке ұшатын-мыс қаладағы екі мектептің нөмірін де атады.

– Бұл хабарлама шындыққа еш жанаспайды. Мектеп директорлары ондай ештеңе айтқан жоқ. Бұл тек қауесет қана, мұның қауіптілігі сол – тұрғындар арасында үрей туғызады. Бұл мәліметті таратқан әйелді полиция ұстады. Ал оның баласы оқитын мектеп директоры сол уақытта Астанада болған, - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА.

– Бұл хабарламаны қаладағы мектептердің бірінің ата-аналар комитетінің мүшесі болып табылатын Атыраудың 32 жастағы тұрғыны жолдаған. Оның жеке басы анықталды. Одан осы факті бойынша жауап алынды. Оның айтуынша, ол еш арам ойсыз вотсап арқылы басқа ата-аналарға балаларына мұқият болу үшін хабарлама жіберіпті. Сыныптағы жиналыста тек мектеп тәртібін сақтау, балалардың қауіпсіздігі мақсатында әкімшілік мектеп қабырғасына бөгде жандарды кіргізбейтіндігі жөнінде әңгіме болған. Осы әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпаратты тарату») бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен жүр, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Естеріңізге салсақ, жақында ҚК-тің осы бабы бойынша биылғы жылдың қыркүйегінде әлеуметтік желілерде құрбандыққа шалу үшін балаларды ұрлайтын секта туралы жалған ақпарат таратқан Ақмола облысының тұрғыны сотталған еді. Оған екі жарым жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылған болатын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 желтоқсан 2015, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.