Атырау, 22 маусым 11:20
 дождьВ Атырау +20.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Ұлыбритания Сирияда ИМ-ге алғаш рет соққы берді

1 708 рет қаралды

Image 0Фото: ReutersҰлыбритания әскери-әуе күштері Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы позицияларына алғашқы әуе соққыларын жасады деп хабарлайды Ұлыбритания қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған халықаралық агенттіктер.

2 желтоқсан күні кешке Ұлыбритания парламенті он сағатқа созылған тартыстан соң үкіметтің Сирияда ИМ-ге қарсы соққы жасап жатқан халықаралық коалицияға қосылу туралы ұсынысын мақұлдаған.

Бұдан соң ұзамай Кипрдегі Ұлыбританияның Акротири әскери базасынан төрт Tornado жойғыш әрі бомбалаушы ұшағы әуеге көтерілген.

ИМ-ге көптеген елдер, оның ішінде Ұлыбритания да тыйым салған. 2014 жылдың қыркүйегінен Лондон Иракта ИМ содырларына қарсы әскери операция жүргізіп келеді.

Дереккөз: azattyq.org

3 желтоқсан 2015, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.