currenttime.tvАлматы. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Түркия Ресей жариялаған санкциялардан келген шығындардың орнын толтыру үшін шаралар дайындап, оны іске асыруға дайын. Бұл туралы Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу бизнес өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
«Біз Ресейге қатысты дағдарысты шыдамдылықпен реттеуге тырысамыз. Атып түсірілген ұшақ үшін кәсіпкерлерді жазалау халықаралық заңнама ережелеріне қайшы. Біз Мәскеудің санкцияларына қарсы шаралар дайындап жатырмыз, егер қажет болса, оны жария етеміз», - деп айтқан А. Давутоглудың сөзін ТАСС келтіреді.
Ол сондай-ақ Ресейді «шиеленісті бірлесе шешуге және проблемаларды үстел үстінде талқылауға» шақырды.
«Біз экспортымызды қорғау шаралары туралы ойландық. Зардап шеккендердің шығындарын өтеу шаралары қарастырылып отыр. Қажет болса, біз керек қадамдарға барамыз. Мен ресейлік достарға қаратып айтамын: барлық проблемаларды үстел үстіндегі келіссөздер арқылы шешейік. Экономикалық санкциялар арқылы қарым-қатынасымызды бұзбайық», - деді ол.
А. Давутогудың айтуынша, «Түркия үшін Ресеймен қарым-қатынас қаншалықты маңызды болса, оның шекарасының қауіпсіздігі де соншалықты маңызды».
«Шекараны қорғау - Түркия үшін өмірлік маңыздылығы бар міндет. Бұл біздің ұлттық қағида, және ол ешқандай саудаға жатпайды. Түркия «Ислам мемлекеті» тобын өз шекарасынан ығыстырып тастау үшін үлкен күш жұмсауда», - деді ол.
Бұдан бұрын Түркия ауыл шаруашылығы министррі Фарук Челик үкімет пен мүдделі ведомстволар екіжақты қарым-қатынастағы дағдарыс себепті шаралар жоспарын дайындап жатқанын мәлім еткенді.
«Бұл өте орынды, дағдарыстық жағдайға шаралар жоспары қажет. Премьер-министр мәлім еткендей, бізге «Б планы» керек. Егер келешекте керек болса, тиісті шаралар туралы жарияланады. Бәлкім ол керек те емес болатын шығар», - деді ол.
Ресей мен Түркия қарым-қатынасы 24 қарашада түркияның шекарасында Түркия ӘӘК ресейлік бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсірген соң шиеленісіп кетті. Анкара ол ұшақ түркия әуе кеңістігін бұзды деп, ол оқиға үшін кешірім сұраудан бас тартып отыр. Мәскеу болса, ол айыптауларды теріске шығарып, түркиялық биліктен кешірім сұрауын талап етуде.
Шиеленіс нәтижесінде ресейліктер Түркияға қатысты экономикалық санкциялар жариялады.
Дереккөз: ҚазТАГ