Атырау, 29 қараша 06:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қызықты сұрақтар

4 324 просмотра

27 қарашада Атырау қаласында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойын капитандарының ойыны өтті. Ойынның ресми форматы команда көшбасшыларының сайысы болмағандықтан, капитандардың бұл кездесуі «сайыстан тыс» шеңберде өтті.

Естеріңізге салсақ, биыл Атыраудағы ойын ұйымдастырушылар болып табылатын «Ақ Сұңқар» қоғамдық қоры мен «Work and Life» тренинг орталығы турнирлер өткізу үшін ресми құқыққа ие болып, «Игра-ТВ» Телекомпаниясы» ЖШҚ ресми лицензиаты және өкілі атанған еді. Мамырдың басында Атырау қаласының «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынының жаңа маусымының көктемгі сериясының ресми ашылуы өтті. Сол кезде серияны Айтжан ЫСҚАҚОВТЫҢ, Әлішер БЕРДІМҰРАТОВТЫҢ және Ерлан ҚАСЫМНЫҢ командалары бастаған болатын.

Ойындар облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен бірнеше бастамаларды, соның ішінде «Дебаттар» студенттік турнирін, буккроссинг, көне кітаптар мен жаңа баспа басылымдарының көрмесін, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Брейн-ринг» ойынын біріктіретін «Жастарды интеллектуалды дамыту» жобасы шеңберінде өткізіліп тұрады. Бұл маусымда маусымдық ойынның әр сериясында алтаудан - 18 команда ойнауы тиіс еді.

- Өкінішке орай, күзгі серияға қажетті команда қатары жиналмады. Қазіргі уақытта Болат Избуловтың, Ринат Жолдиевтың (АМӨЗ), Айбар Зұлқановтың (Вест Дала) және Дулат Жеңістің (АРЕС) командалары өтінім берді. Бірақ біз өтінімдерді қабылдауды жалғастыра береміз. Кестеден қалыс қалуымызға орай күзгі серия желтоқсанның бірінші аптасында (НҚҚ аптасы) өтеді, - дейді ұйымдастырушылар.

Капитандардың қазіргі ойыны ресми формат шеңберінен шығып қана қоймай, бейнетүсірілімнің жүргізілуімен де өзгеше болды. Аймақтық өкілдіктердің бұдан басқа «ТВ Игра» телекомпаниясы алдында белгілі бір міндеттемелері бар. Мәселен, олар маусымда бір ойынның бейнежазбасын жолдауы тиіс.

Бірінші болып Ерлан Қасым бастаған капитандардың құрама командасы ойнап, олар 1:6 есебімен көрермендерден ұтылды. Бәлкім, «төселіп ойнауға» үлгермеген шығар. Сұрақтардың арасында, мәселен: «Көк тіреген үйлердің қожайындары жеделсатының баяу қозғалуына қатысты шағымдарды қалайша байыппен шеше алды?» деген сұрақтар болды. Ойыншылар жеделсатыға айналардың орнатылғандығын жорамалдай алмады.

Сұрақтарға келер болсақ: оларға белгілі бір талаптар қойылады – оның жауап іздеу процесінен көрермендер де, ойыншылар да ләззат алатындай ерекшелігі болуы тиіс. Олар көбінесе ғаламтор арқылы «НҚҚ» дерекқорынан алынады. Онда ойынның негізі қаланған уақыттан бастап телекөрермендер жолдаған бүкіл сұрақтар сақталады. Бірақ жергілікті ойынсүйгіштер арасында біздің ойыншыларымызға сұрақтар жолдап отыратын энтузиастар да бар. Мәселен, Әйгерім ИМАНҒАЛИЕВА. Ол бала кезінен «Не? Қайда? Қашан?» ойынын тамашалап келеді екен. Анасы оның ойынға деген махаббатын оятқан. Әйгерім көрермен екеніне қарамастан, ойыншыларға көбірек бүйрегі бұрып, жанкүйерлік танытады.

Алтынбек САРИЕВ бастаған екінші капитандар командасы 0:6 есебімен ұтылып қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.