Адамдар арасында ЖИТС жоқ, тек фармацевтердің бүкіләлемдік астыртын сөз байласулары ғана бар деген сенім болса да, мамандар жыл сайын иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған 2 миллион науқасты тіркейді.
Атырау облыстық ЖИТС орталығы өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында айтылған деректер бойынша, әлемде АИТВ (ВИЧ) жұқтырған 40 миллиондай адам анықталған. Олардың 25,3 миллионы өлген.
Атырау облысында 1993 жылдан бері 149 ҚР азаматы мен 57 шетелдік анықталды. Мамандардың бақылаулары бойынша, бұрын вирус негізінен есірткі зарттарын егу арқылы таралса, соңғы жылдары жыныстық жолмен жұқтыру көбейіп келеді (80%-ға дейін). Анықталғандардың 60%-ы 20-39 жас аралығындағы адамдар.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА