Атырау, 29 наурыз 17:23
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

3 117 просмотра

Жылыой ауданы

Ауданда жергілікті кәсіпкерлердің қаражатына екі ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандар жергілікті әкімдікке берілмек.

Жеке кәсіпкер Мағау МЕРҒАЛИЕВТЫҢ қаржысына Құлсары қаласы Тоғызыншы ауыл мөлтек ауданында 165 орындық екі қабатты балабақша құрылысы жүруде. Құрылыс 500 млн теңгеге бағаланып отыр.

Жеке кәсіпкер Бағытжан ДОСТАНОВ Қара-Арна округі Шоқпартоғай ауылы тұрғындарына арнап, спорт кешені құрылысын жүргізуде. Құрылыс бюджеті 85 млн теңге.

Ақтау қаласында әскери-жаттығу кезінде опат болған 20 жастағы Асылжан МАХАМБЕТОВТЫ еске алу мақсатында Құлсары қаласындағы №1 мектепте «Ерлік бұрышы» ашылды.

*****

Қызылқоға ауданы

Ауданда алыс жайылымдарды игеру жұмыстары жүруде.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша Тараз қаласынан ҚазҒЗИ су шаруашылығы мекемесінің аға ғылыми қызметкері С. Аманкелдиев келіп, округтерден 120 құдықтың координаталарын анықтады. Осы жұмыс аясы негізінде 2016 жылы сметалық құжаттарды жасақтауға қаржы бөлу көзделіп отыр. 2017-2020 жылдар арасында ауданда мал су ішетін 120 құдық болмақшы.

*****

Махамбет ауданы

Махамбетте ТШО-ның демеушілігімен 280 орындық балабақша құрылысы аяқталуға жақын. Құрылысты «Казкомсервис» ЖШС атқаруда.

Сарытоғай ауылындағы ең ұзын Абай көшесі толық жарықтандырылып бітті. Бұған бюджеттен 65 млн теңге бөлінді.

*****

Исатай ауданы

Жанбай ауылында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Құрылыс бюджеті - 94 млн теңге. Мердігер - «Самур-Атырау» ЖШС нысанды тәуелсіздік күні тапсыруды жоспарлап отыр.

*****

Мақат ауданы

Бұдан қырық күн бұрын Мақат кентіндегі Саламат пен Самал ЕРМАҒАМБЕТОВТЕРДІҢ отбасында үш сәби дүниеге келді.

Бес жасар Қуандықтың соңынан ерген бауырларына Құран сүресінен алынған Мұхаммад, Ариф, Ази есімдері берілген. Бұл - Мақат ауданында 10 жыл ішінде дүниеге келген 2-ші үшем.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.