Атырау, 20 сәуір 16:40
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жылу 19 теңгеге қымбаттайды, жарық тарифі бұрынғыша қалады

3 293 просмотра

Қыркүйекте біз үш энергетикалық монополисттің – «Атырау Жарық» АҚ, «Атырау жылу жүйелері» АҚ және «Атырау ЖЭО» АҚ-ның 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді көтеруге өтінім бергендігін хабарлаған едік Көтерілетін тариф бес жыл өзгертілмейді» мақаласын қараңыз).

«Атырау Жарық» АҚ ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментіне (ТМРжБҚД) электр энергиясын беру және тарату қызметінің тарифін бір кВт/сағат үшін 4,76 теңгеден (бағалардың барлығы ҚҚС-сыз) 7,57 теңгеге дейін, яғни 59 пайызға көтеруді ұсынды. «Атырау жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясын беру және тарату тарифін бір Гкал үшін 3 450 теңгеден 7 155,68 теңгеге дейін, яғни 107,4%-ға көтеруді ұсынды. «АЖЭО» АҚ жылу энергиясын өндіру және жабдықтау тарифін бір Гкалға 5 515,03 теңгеден 9 739,14 теңгеге дейін, яғни 76,6%-ға көтеруді сұрады.

Үш қызмет көрсетушінің барлығына тарифтер бес жылға бекітілді.

Тарифті көтеру қажеттілігін монополисттер шикізат пен материалдар бағаларының көтерілуімен, амортизациялық жарналардың және салық шығындарының көбеюімен, сондай-ақ, тарифтердің шығын бөлігі негізгі құралдарды қалпына келтіруге, жаңартуға және кеңейтуге бағытталған кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасына енгізілетінін, энергия үнемдеу және нормативтік шығындарды төмендету бағдарламасы бойынша жабдықтардың ауыстырылатынын негізге алды.

Жұртшылық тыңдауы өткізіліп, онда жұртшылық тарифтердің көтерілуіне қарсы екендіктерін жеткізді. Тыңдауда ТМРжБҚД өкілдері өз шешімін 26 қарашада жариялайтынын мәлімдеді.

ТМРжБҚД 30 қарашада баспасөз хабарламасын ұсынды. Бірақ қалай?

Мақалада департамент қызметкерлерінің қаншалықты көп еңбек еткендігіі туралы айта кетуді ұмытпаңыздар, - деді ТМРжБҚД басшысының міндетін атқарушы Әлсейіт САБИРОВ. Содан соң танысу үшін сіздің тілшіңізге берген баспасөз хабарламасын қайтаруды өтінді. Сосын осы қағаздың жоғарғы бөлігін жыртып тастады. Менің тек ол жердегі «Атырау жылу жүйелері» АҚ – «тарифті 48 пайызға көтеру» деген жазуды есіме сақтап үлгердім.

Халықты шатастырудың қажеті қанша, бастысы – жылу үшін абоненттік төлемақы ғой, - деді Сабиров, содан соң құжаттың жыртылған бөлігін жанқалтасына салып қойды. – Міне, сізге жылу тарифі, міне – жылумен қамту тарифі, міне – электр энергиясының тарифі.

Мен шенеунікке құжатты бүтіндей күйде ұсынған жөн екенін ұқтыруға тырыстым. Бірақ ол бас тартты.

Бір жапырақ қағазда қазір бір шаршы метрге 98,36 теңге мөлшерінде жылу тарифі қолданыста екендігі көрсетілген. «АЖЭО» АҚ өтінімінде тарифті 196,39 теңгеге дейін, яғни екі есеге көтеруді ұсынған. Нәтижесінде 2016 жылы тариф мөлшері 116,96 теңге (өсім 18,9%), 2017 жылы – 126,47 теңге (өсім 8,1%), 2018 жылы – 128,24 теңге (өсім 1,4%), 2019 жылы – 139,19 теңге (өсім 8,5%), 2020 жылы – 143,81 теңге (өсім 3,3%) құрайтын болады.

Жылумен қамтудың жалпы тарифі былай өзгереді: 2016 жылы тариф мөлшері – бір Гкалға 5 860,41 теңге (өсім 6,3%), 2017 жылы – 6 299,52 теңге (өсім 7,5%), 2018 жылы – 6 372,55 теңге (өсім 1,2%), 2019 жылы – 6 857,2 теңге (өсім 7,6%), 2020 жылы – 7 040,38 теңге (өсім 2,7%) құрайтын болады.

Электр энергиясын беру және тарату тарифі мынадай болады: 2016 жылы тариф мөлшері өзгермейді және мынаны құрайды: бір КВт/сағат үшін – 4,76 теңге, 2017 жылы – 4,83 теңге (өсім 1,5%), 2018 жылы – 4,84 теңге (өсім 0,2%), 2019 жылы – тариф өзгермейді, 2020 жылы – 4,87 теңге (өсім 0,6%).

«АтырауЭнергосату» ЖШС-нің энергиямен қамту тарифі өзгере ме, жоқ па, белгісіз болып қалып отыр. ЖШС бұл қызметті қымбаттату өтінімін бірген жоқ және жұртшылық тыңдауын өткізбеді. ҚР энергетика министрлігінің шілдедегі бұйрығына сәйкес, 2016-2022 жылдарда АЖЭО түрлендіретін электр энергиясын сатып алудың шекті тарифі («Жұқа әмияныңыз бәске тігілгелі тұр» мақаласын қараңыз) бір кВт/сағатқа 6,36 теңге мөлшерінде бекітілді (бүгінгі күні ол 7,3 теңгені құрайды). «Атырау Жарық» АҚ-ның 2016 жылғы тарифі бұрынғыша қалды. Бұл тариф те қатты өзгере қоймас деген үміт бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 желтоқсан 2015, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.