Атырау, 26 желтоқсан 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

НАТО өз қатарына Черногорияны шақырды

1 744 рет қаралды

Image 0Фото: ТАССНАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельдегі жиында халықаралық альянсқа Черногорияның қосылуы туралы келіссөз бастауға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

«Біз Черногорияны құттықтаймыз. Бұл – өте тамаша альянстың бастамасы» деген Столтенберг.

Адриатика теңізі жағасында орналасқан, 600 мың халқы бар Черногория НАТО-ның 29-мүшесі болмақ.

НАТО құрамы бұған дейін 2009 жылы Албания және Хорватиямен толыққан.

НАТО-ның ұлғаюына қарсы Ресей бұған дейін Черногорияға альянсқа қосылуды «арандатушылық» деп қабылдайтынын ескерткен.

Дереккөз: azattyq.org

2 желтоқсан 2015, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.