Атырау, 6 желтоқсан 11:11
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Түркиядан ресейлік студенттерді қайтаруды ұйғарды

1 370 рет қаралды

Image 0lenta.ruАлматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ –Түркияда алмасу бойынша оқып жатқан ресейлік студенттер Ресейге қайтарылады, РФ білім министрлігіне сілтеме жасаған ВВС орыс қызметі осылай деп хабарлады.

Хабарда түсіндірілгендей, студенттерді «барынша аз уақыт ішінде» үйлеріне қайтарады.

Министрлік ақпарынша, Түркияда қазір 100-ге жуық ресейлік студент оқып жатыр.

Бұған дейін билік ресейлік университеттерге түрік оқу орындарымен ынтымақтастықты тоқтату қажеттігі туралы хат жолдаған болатын. Хатта оқытушылар мен студенттердің Түркияға жоспарланып қойылған сапарларын тоқтату туралы да айтылған. .

Хабарда айтылғандай, Түрік университтерімен алмасу бағдарламасы бар 44 ЖОО-ның біраз бөлігі өз әріптестерін ынтымақтастық туралы шартты бұзу немесе уақытша тоқтата тұру туралы хабардар еткен.

Білім министрлігінің ақпарынша, қазір ресейлік университтерде Түркияның мыңнан астам азаматы оқып жатыр. Олар оқуларын жалғастыра береді және оларға қатысты ешқандай шектеу қолданылмайды.

Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынас 24 қараша күні ВВС түрік шекарасында Түркия Су-24 ресейлік бомбалаушысын құлатқаннан кейін ушыға түскен. Анкара орын алған оқиға үшін кешірім сұраудан бас тартып отыр. Себеп ұшақ түрік әуе кеңістігіне кіріп кеткен. Мәскеу болса бұл айыптауды теріске шығарып, түрік билігінің кешірім сұрауын талап етуде.

Қарым-қатынастардың ушығуы Түркияға қатысты ресейлік экономикалық санкциялардың енгізілуіне алып келді.

Дереккөз: ҚазТАГ

2 желтоқсан 2015, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.