bbc.comАлматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Ресеймен қарым-қатынастың шиеленісіп тұруы салдарынан түркиялық көкөніс пен жеміс экспорттаушылары көретін шығын шамамен $150 млн болады, деп хабарлады ТАСС, түркиялық экономикалық «Дүния» газетіне сілтемелеп.
«Ресейге жеткізе алмағандықтан жолда шіріп кететін, немесе бүлінетін көкөністердің шамамен салмағы 190 мың тонна. Ақшалай есептегенде ол $150 млн. Ол жүктер порттарда, шекара мен қоймаларда тұр», - деп жазады газет.
Басылым жазғандай, осы жүктер Ресейге жеткізілмегенімен Түркияның ішінде көкөніс – жеміс бағасы көтеріліп келеді.
Басылым Түркияның Жүк тасымалдаушылары халықаралық қауымдастығының төрағасы Четин Нухоглудың пікірін келтіреді. Ол Ресеймен шекарадағы жағдайдың шиеленісуі себепті шекарада тек Ресейге ғана емес, РФ арқылы Орталық Азияға бағыт алған жүктерде тұрып қалды деп айтыпты.
«Осы жағдайға байланысты каспийлік бағыт белсенді қолданылатын болады. Егер паромдар Каспий теңізі арқылы толық жүктемемен істейтін болса, жүк тасымалдаушылардың жол ақысы 30%-ға арзандар еді», - деп есептейді ол.
Еске салсақ, Ресей 26 қарашадан бастап Түркиядан келетін азық-түлікке бақылауды күшейтті және шекарада қосымша тексеру жүргізіп жатыр. РФ ауыл шаруашылығы министсрлігінің мәлімдеуінше, Роспотребнадзор ішкі нарықтағы да түркиялық тауарларға қадағалауды күшейтіп отыр.