Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Солтүстікатлантика альянсы Ауғанстандағы миссиясын 2016 жыл соңына дейін жалғастырады, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігі (АуТАГ).
«Біз «Табанды қолдау» операциясының Ауғанстандағы нұсқаушылары мен кеңесшілерінің миссиясын ұзарту туралы шешім қабылдаймыз және оған қатысатын күштердің деңгейін талқылаймыз. Одан басқа, біз 2018 жылдан кейін де ауған армиясын қаржыландыру үшін қаражат жинау науқанын бастау мәселесін қарастырамыз», - деді ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг сәрсенбі күні НАТО-ның СІМ басшыларының кездесуіне келген бойда.
Өздеріңіз білетіндей, ауғандық қауіпсіздік күштері толығымен АҚШ үкіметімен қаржыландырылып келеді.
Дереккөз: ҚазТАГ