Атырау, 9 қазан 01:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ыстамбұл метро стансасы маңындағы жарылыс лаңкестік шабуыл болуы мүмкін

2 173 просмотра

Image 0Фото: Global Look PressЫстамбұлдың Байрампаша метро стансасы маңындағы жарылыс лаңкестік шабуыл болуы мүмкін.

Себебі түркиялық «Доған» ақпарат агенттігі жарылғыш зат тәртіп сақшылары мінген қызметтік автобус жүріп өткен кезде іске қосылғанын хабарлайды. Түрік басылымдары бұл кездейсоқ жағдай емес дейді. Алайда қылмыстық істің мән-жайы әлі белгісіз. Өйткені құқық қорғау органдары оқиға болған аумақта зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Жарылыс сейсенбі күні кешкісін Ыстамбұлдың Байрампаша ауданындағы метро станциясының маңында тіркелді. Куәгерлер жарылыстың өте қатты болғанын айтуда. Тіпті оның жаңғырығы көшенің арғы бетіндегі тұрғындарға естілген. Жарылыстың ауқымын қалалық бақылау камералары жазып алған таспадан да аңғару қиын емес. Егер от ұшқындарына зер салсақ, ол жерде электр желілерінің зақымдалғанын көруге болады. Жергілікті билік жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында Байрампашадағы жерасты өтпе жолын жауып, метроның қозғалысын уақытша тоқтатты. Ыстамбұл қаласының губернаторы Васип Шахиннің айтуынша, жарылыстан бір адам жарақат алды. Жедел жәрдем қызметі оны Хасеки ауруханасына жеткізді. Ал дәрігерлер оның жағдайы бір қалыпты екендігін хабарлайды. Құқық қоғау органдары оқиғаға байланысты тергеу амалдарын жүргізуде. Қазірдің өзінде жинақталған айғақтар бойынша жарылғыш зат қолдан жасалынғандығы белгілі болды.

Дереккөз: 24.kz

2 желтоқсан 2015, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.