Армения астанасы Ереванда оппозиция шеру өткізіп жатыр.
Мыңдаған белсенді 6 желтоқсанда конституциялық реформа бойынша өтетін референдумға тыйым салуды талап етуде. Жаңа өзгеріс бойынша республика президенттік басқару түрінен парламенттік басқару жүйесіне өтуі тиіс. Бұдан басқа наразы топ ел басшылығы отставкаға кетуі керек деген талап қойды. Шеруді ұйымдастырушылар ереуілшілер күн-түн демей алаңда болуы үшін барлық жағдай жасалғанын айтады. Бірақ қала мэрі шатырлар тігуге тыйым салған көрінеді. Қазір алаңға полиция тартылып жатыр. Шеру кезінде 2 адам қамауға алынып, кейін босатылды.
Дереккөз: 24.kz