Атырау, 26 қараша 10:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мексикада ацтек тайпасы көсемдерінің құпия қабіріне апаратын жол табылды

2 058 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық археологтар ацтек тайпаларының құпиясын шешуге жақын қалғанын мәлімдеді. Олар құпия жерленген тайпаның екі көсемінің қабіріне апаратын жолды ұзақ жылдардан кейін тапты, деп хабарлады lifenews.ru.

1325-1521 жылдары Ацтектер өз көсемдерін кремациялағаны белгілі, алайда олардың қайда жерленгені белгісіз күйінде қалған. Л.Луханның басшылығымен археологтар командасы олар жерленген айналма платформа орталығына алып баратын ұзындығы сегіз метрден асатын тоннельді тапты.

Тоннельдің кіре берісі үш тонналық плитамен жабылған. 2013 жылы ғалымдар оны көтерген кезде бос кеңістікке тап болған. Плитадан қабірге кіретін жолды қазу үшін екі жыл уақыт кетті. Қалған жолдарды ұңғылау келесі жылы басталады. Алайда, соңғы көсемдердің қабірі шынымен сол жерде екені әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.

Халықаралық ғалымдар қоғамдастығының бағалауынша, Мехико маңындағы Темпло Майор үйінділерінен табылған бұл жаңалық ацтектер өркениетінің жойылып кетуінің себебін ашуы мүмкін.

Дереккөз: inform.kz

2 желтоқсан 2015, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.