Ресей үкіметі сейсенбіде жаңа жылдан бастап Түркиядан импорттауға тыйым салынатын тауарлар тізімін бекітті.
АСТАНА, 2 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Ресей үкіметі сейсенбіде жаңа жылдан бастап Түркиядан импорттауға тыйым салынатын тауарлар тізімін бекітті, сонымен қатар бұл тізімге көкеніс, жеміс-жидек және етпен бірге "қараңғы" беделді гүл де кірді деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы сириялық-түрік шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. РФ президенті Владимир Путин бұны террористердің қолтығына су бүркушілер тарапынан "ту сыртынан пышақ салу" деп атады. Бұдан бұрын Путин Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар және Түркияға қатысты арнайы экономикалық шаралар жөніндегі жарлыққа қол қойды.
Сейсенбіде РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Түркияға қатысты арнайы экономикалық шаралар қолдану туралы қаулыға қол қойды. Осы құжатпен РФ-ға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Түркияда өндірілетін бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат және азық-түлік өнімдері тасымалына тыйым салынады.
Дереккөз: newskaz.kz