Атырау, 27 қыркүйек 05:06
 дождьВ Атырау +15.5
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Цукерберг Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсайды

1 382 рет қаралды

Image 0Фото: AFPАСТАНА. ҚазАқпарат - Марк Цукерберг әйелі Присцилла Чан екеуі Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдағанын айтты.

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Біз өміріміздің соңына дейін қазіргі таңда құны 45 миллиард доллар болатын Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсаймыз. Осылайша әлемді гүлдендіруге үлес қоспақпыз», - деп жазды Цукерберг әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл жазбаны ол өзінің кішкене қызы дүниеге келуіне байланысты жариялаған, ерлі-зайыптылар бүлдіршіннің атын Макс деп қойған.

Дереккөз: inform.kz

2 желтоқсан 2015, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.