Фото: Moscow-Live.ruМәскеуде 1905 жыл атындағы алаңда федералдық жолдарда жүргені үшін ақы төлеуге қарсы алысқа қатынайтын жүргізушілер наразылығын қолдап жалғыз кісілік пикетке қатысқаны үшін 13 белсенді ұсталды.
"ОВД-Инфо" сайтының хабарлауынша, арандату нәтижесінде ұсталған. Қалғандары үш адамды алаңнан әкетпек болған автозактің жолын бөгегенде ұсталған.
29 қарашада Санкт-Петербург түбіндегі Гатчин қаласында да петербургтік алысқа қатынайтын жүргізушілер наразылығын ұйымдастырушылардың бірі Александр Росторгуев ұсталды.
Қарашаның соңында Ресейдің түрлі аймақтарындағы биліктің өз талаптарына құлақ аспағанына наразы алысқа қатынайтын жүргізушілер Мәскеуге марш өткізуге барып жатыр. Маршта жүргізушілер Мәскеудегі айналма жолды жаппақ ниетте.
Ресейде 15 қарашада федералдық күре жолдарда ақы төлеуді талап ететін "Платон" жүйесі жұмыс істей бастаған.
Дереккөз: azattyq.org