Фото: ReutersАҚШ президенті Барак Обама Парижде БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қатысты конференциясының ресми түрде басталуына бірнеше сағат қалғанда таяуда осы қалада болған терактілер құрбандарын еске алды.
Барак Обама мен Франция президенті Франсуа Олланд және Париж мэрі Анн Идальго "Батаклан" концерт орталығының алдына гүл шоқтарын қойды. Мұнда 13 қарашада жанкешті терроршылардың шабуылынан 90 адам қаза тапқан.
Париж үстінде қазір тікұшақтар қарауылдап, полиция 130 адамның өмірін қиған терактілер болған көшелерді жапқан. Францияда терактілерден соң төтенше жағдай жарияланған.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо да 30 қарашада Франция премьері Мануэль Вальспен бірге "Батаклан" орталығына барды.
Дереккөз: azattyq.org