Атырау, 5 желтоқсан 12:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Терезеден түсіп, олжалы болды

1 651 рет қаралды

Полиция кем дегенде төрт ұрлық оқиғасына қатысы бар деп күдіктелген 17 және 18 жастағы екі ұрыны ұстады.

Бірінші эпизодта олар Самал ықшамауданындағы коттедждің пластик терезесін сындырып, ішке кірген. Бұл үйдегі ұялы телефон мен миллион теңгедей сома олардың олжасына айналған.

Екінші жағдайда қаскөйлер осы ықшамаудандағы үйге осындай тәсілмен кіріп, ұялы телефон мен 220 мың теңгені қолды қылған.

Жұмыскер поселкесінде ұрылар тағы да терезе арқылы коттедждің терезесінен түсіп, бес мың Ресей рублін алып кеткен. Олар Өркен ықшамауданында бір жарым мың долларды олжалаған. Тергеу жүргізілуде. Олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілердің үлкені уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.