Атырау, 26 қараша 10:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қытай соңғы 60 жылдағы ең ірі әскери реформаны жүзеге асырмақ

3 195 просмотра

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бірыңғай әскери қолбасшылық құра отырып, америкалық үлгі бойынша, елдің Қарулы күштерінің реформасы басталғанын жариялады, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Реформа аясында әскердің барлық түрін 2020 жылға қарай құрылмақшы біртұтс әскери қолбасшылыққа біріктіру жоспарлануда. Сондай-ақ «элиталы әскери бөлімшелер» құру да жоспарда бар.

ҚХР төрағасының айтуынша, әскерде жаңа тәртіптік құрылым, сондай-ақ жаңа саяси және заң комитеттері құрылады. Олар заңдылықтың сақталуына кепілдік беретін болады.

Аталмыш реформа соңғы 60 жылдағы ең ауқымдысы болмақ.

Әскери реформа жобасы қытайлық армиясы, флоты, авиация және зымыран күштері үшін бірыңғай қолбасшылық құруды көздейді. Сонымен қатар заманауи әскери іс-қимылдарды жүргізуге барынша бейім ретінде авиация мен флоттың рөлін күшейте отырып, офицерлер мен дәстүрлі құрлықтағы әскерлер тобын қысқарту да жоспарланған.

Әскери округтер санын жетіден төртке дейін қысқарту қарастырылып отыр. Жалпы алғанда, реформа әскери емес жеке құрамдар мен бөлімшелерді қысқарта отырып, әкімшілік сипатқа ие болады.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қараша 2015, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.