Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – Ресей қорғаныс министрлігі мен Түркияның қарулы күштері қолданыстағы болған барлық өзара іс-әрекет арналарын үзіп тастады, деп хабарлады ТАСС.
«Бүгін, бұған дейін қабылданған шешімге сай, Ресей қорғаныс министрлігі мен Түркия қарулы күштерінің арасында болған өзара іс-әрекет арналары үзілді», - деп хабарлады журналистерге Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.
«Ол тек Сириядағы террорлық инфрақұрылым нысандарын жою барысында әуеде орын алуы мүмкін тосын оқиғалардың алдын алу үшін құрылған жедел желі деп аталатынға ғана қатысты емес», - деді ол.
Хабарда айтылғандай, тараптар жедел желі арқылы болатын іс-әрекеттерді үзіп тастады, сондай-ақ Қара теңіз флоты мен түркиялық ӘТК әрекеттерін үйлестіріп отыру үшін Түркияда жүрген ресейлік ӘТК өкілін кері шақырып алды.
Бұрын хабарланғандай, 24 қарашада түркиялық ӘӘК Сирияда ресейлік авиатоп құрамына кіретін Су-24 ұшағын атып түсірді. Бомбалаушы ұшақ құлағанда экипаж командирі қаза болды. Штурман құтқарылды. Түркия ол ұшақ елдің әуе кеңістігін бұзды деп отыр, ал ресейлік билік оны теріске шығаруда.
Ресей билігі жақында Түркияның әрекетіне жауап ретінде шара қолданатынын уәде етті. Премьер-министр Дмитрий Медведьев бейсенбі күні ондай шараны екі күннің ішінде дайындауды тапсырды.
Дереккөз: ҚазТАГ