Атырау, 2 маусым 10:23
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Берлинде шабуыл жасау күдігімен екі адам ұсталды

2 884 рет қаралды

Image 0Берлин полицейлері. (Көрнекі сурет). Берлин полициясы "мемлекетке қатер төндіретін үлкен зорлық-зомбылық әрекетін жасауға дайындалып жүрген" деген күдікпен екі адам ұсталғанын хабарлады.

DPA агенттігінің ақпаратына қарағанда, ұсталғандар "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының ықпалына түскен".

Германиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталғандардың бірі - Сирия, екіншісі Тунис азаматы. Күдіктілер полицияның екі жерге, оның ішінде ислам мәдени орталығына жасаған рейді кезінде ұсталған.

Полиция "Берлинде зорлық-зомбылық актісін жасау" белгілері болмағанын айтады.

Кейбір ақпараттар бойынша, полиция рейдті елдің солтүстік-батысындағы Дортмунд қаласында шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат бойынша жасаған.

Германия канцлері Ангела Меркель 25 қарашажа 13 қарашада Парижде ИМ содырлары жасаған терактілерден соң Германиядағы террорлық қауіп-қатер әлі де ең жоғары деңгейде тұрғанын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 қараша 2015, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.