Атырау, 26 қараша 10:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Түркия Ресей елшісін шақыртып наразылық білдірді

2 028 просмотра

Image 0Түркия елшілігі алдында наразы топ Түркия туын өртеп жатыр. Мәскеу, 25 қараша 2015 жыл. Түркия сыртқы істер министрлігі түркиялық әскерилердің ресейлік әскери ұшақты атып түсіруінен кейін Ресейде түрік миссиялары мен бизнесіне қарсы наразылықтарға қатысты шағымдану үшін Анкарадағы Ресей елшісін шақыртып алды.

Сыртқы істер министрлігінің 26 қарашада хабарлауынша, ресми Анкара "төзуге болмайтын инцидентке" және Ресейде түрік компанияларына қарсы оқиғаларға наразылығын білдірген.

Мәдімдемеде министрлік түрік кеңселері "наразылық танытушылар кейпіне енгендердің шабуылына ұшырағанын" айтып, Ресей билігін елдегі Түркия елшілігі мен басқа да өкілдіктерін қорғауды күшейтуді ескерткенін хабарлайды.

25 қарашада Мәскеуде наразылық танытушылар Түркия елшілігін жұмыртқа және таспен атқылап, елшілік ғимаратының терезесін сындырған.

Полиция акциядан соң ұзамай елшілік айналасын тазартып, бірнеше адамды тұтқындаған.

24 қарашада Түркия әскери-әуе күштері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген. Түркия әскерилері ұшақ "елдің әуе кеңістігін бұзды, ескертуді елемеді" дейді. Бірақ Мәскеу ұшақтың "Сирия аумағында жүргенін" айтып, Түркия шекарасын бұзғанын жоққа шығарады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 қараша 2015, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.