Атырау, 2 маусым 10:23
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Ресейдегі Ми-8 апаты: Мерт болғандар саны 15-ке жетті

1 903 рет қаралды

Image 0Фото: turuhanavia.ru

Нақтыланған деректер бойынша, Краснояр өңірінің солтүстігінде Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауынан 15 адам қаза тапқан, қалған 10-ы жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы РИА-Новостиге Батыс Сібір көлік прокуратурасының ресми өкілі Оксана Горбунова мәлімдеді.

«Соңғы нақтыланған ақпаратқа сүйенсек, апаттан 15 адам мерт болған, 10-ы жансақтау бөлімінде жатыр, тағы біреуін құтқарушылар тікұшақтан алып шығуда», - деді Горбунова.

Бұған дейін Краснояр өңірінің Турухан ауданында Ми-8 тікұшағы құлағанын хабарлаған болатынбыз. Алдын ала деректер бойынша, бортта 25 адам болған. Батыс Сібір көлік прокуратурасы да 11 адамның ажал құшып, жетеуінің жапа шеккенін хабарлаған еді.

Дереккөз: bnews.kz

26 қараша 2015, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.