АҚШ-тың Чикаго қаласында халық жаппай ереуілге шығып жатыр. Толқуға ғаламторда күні бұрын жария болған бейнежазба әсер етіпті.
Онда тәртіп сақшысы қолына пышақ алған қара нәсілді жігітті атады. Джейсон Ван Дейк онысымен қоймай, жерде жатқан жеткіншекке тағы да оқ жаудырған. Осылайша полицей бас-аяғы 16 рет оқ атыпты. Салдарынан жас жігіт тілге кілмей көз жұмған. Полицей қазір қамауға алынды. Кінәсі делелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, бұл оқиға өткен жылдың қазанында болыпты. Алайда бейнежазба енді ғана жария етіліп отыр.
Дереккөз: 24.kz