Атырау, 29 қараша 07:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Санитарлық қорғаныс белдеуін ешкім жасамайды

2 027 просмотра

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Атырауда кәсіпкерлерге арналған семинар өтті.

Департамент мамандары өзгерістер мен толықтырулар енгізілген санитариялық нормативтік-құқықтық актілерге кеңінен тоқталып өтті. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметі департамент, басқармалармен қатар электрондық үкімет веб порталы және ХҚКО арқылы да көрсетіледі.

Нысан құрылысын жүргізу үшін жер телімін алған кезде қойылатын санитарлық талаптың бірі – міндетті түрде санитарлық қорғаныс белдеуін жасақтау. Алайда оны ірі кәсіпорындар болмаса (ТШО, Аджип, АМӨЗ), ешкім жүзеге асырмайды.

- Міне, жобалаушылар, сіздер отырсыздар, кім санитарлық қорғаныс белдеуінің жобасын жасақтайды?- деп сұрады департамент басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ. – Ешкім жасамайды. Біріншіден, бұл жанармай құю бекеттеріне қатысты. Бұл жерде біздің де, сонымен қатар жергілікті атқару органдарының да кінәсі бар.

Семинарға Алматыдан арнайы шақыртумен келген «ҚазЭкоПроект» ЖШС директоры Тілеуқан БАЙЗАҚОВ өз тәжірибесімен бөлісті. Мекеме біздің облысымызда Теңіз кен орны игеріле бастағаннан бері қызмет етеді. Басшының айтуынша, мекеменің кәсіпорындар қызметінің қоршаған ортаға әсерін өлшеу, зерттеу жұмыстары жүргізетін жеке зертханасы бар. Мәселен, 2005 жылы ЖШС Атырауда Мұнай-химия кешенін салу жобасын даярлап, қаладағы өндірістік кәсіпорындардың көп шоғырлануына байланысты (АМӨЗ, ЖЭО) ауаның ластануы бірнеше есе артатынын ескеріп, кешенді Қарабатанда салуды ұйғарған.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

23 қараша 2015, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.