Атырау, 22 желтоқсан 06:10
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Әйелдер құрамасы шаршы алаңғы шықты

2 245 просмотра

АМУ-дің «Жайық» спорт кешенінде Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған әйелдер боксынан халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Польша, Марокко, Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей және Қазақстаннан 83 қыз қатысты. Қазақстан бокс федерациясы хабарлағандай, турнир алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл жарыс әйел боксынан ҚР құрамасы мүшелерінің жетіспейтін жарыстық базаларының орнын толтыру және құрама ішінде бәсекелестікті дамыту үшін ұйымдастырылды.

- Біз қалай да көп жүлде алу керек деген мақсат қойған жоқпыз. Ұлттық команданың жаттықтырушылар штабы келесі жылы әлем чемпионатына қатыса алатын спортшыларды қарады. Мықты және әлсіз жақтарын анықтады. Әрине, қазақстандықтардың көбі жүлделі орын алғанына қуаныштымыз, - деді ҚР әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим ПРИСЯЖНЮК.

Бұл турнирде қазақстандықтар 21 жүлде – жеті алтын, алты күміс және сегіз қола медаль – алды. Жеңімпаздар арасында атыраулық спортшы Назым ИЩАНОВА да бар (60 келіге дейін, жаттықтырушылары Сәрсенбай ТОРҒАЕВ пен Бейбіт ИЩАНОВ). Қалған облыс құрамасының мүшелері іріктеу айналымынан өте алмады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

23 қараша 2015, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.