Атырау, 23 қараша 15:32
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда 119 адам вирус жұқтырыпты

2 292 просмотра

Атырау облысында ВИЧ/СПИД сырқатының таралуына қатысты жағдай көңіл жұбатарлықтай емес. Бізде ВИЧ жұқтырған 119 адам тіркеліпті.

– ВИЧ жұқтырғандар саны анағұрлым көп болуы мүмкін, өйткені СПИД-те жылдар бойына білдіртпейтін «жабық кезең» болады. Осы уақыт ішінде сырқатқа шалдыққан адам барлық жыныстық қатынаста болған серіктері үшін қауіп көзі екендігін білмей әдеттегіше өмір сүре береді, - дейді СПИД орталығындағылар.

Вирусқа шалдыққандардың ішіндегі ең жасы – 15-ке жаңа толған. Ең үлкені 59 жаста. Вирустың тасымалдануы бойынша бұрынғыша ине арқылы жұқтыру алдыңғы орында. Сырқатты жұқтырғандардың көбі ер адамдар, олардың саны – 77, әйел адамдар – 42. Жас ерекшелік тобы бойынша 20-дан 29 жасқа дейінгі қыздар мен жігіттер көш бастап отыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

ҚР-да ресми түрде 2011 жылдың 1 маусымында ВИЧ жұқтырған 16590 адам тіркелген. Оның 355-і 14 жасқа дейінгі балалар. СПИД-пен сырқаттанғандар – 1 357, оның 70-і – балалар. 1035 адам көз жұмған, оның ішінде 6 бала бар. ВИЧ/СПИД-тің таралуы бойынша 100 мың халыққа шаққанда Қазақстан бойынша 82,8 деген, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 9 деген көрсеткіш құрап отыр.

ВИЧ жұқтырғандардың көп бөлігі Алматы қаласында (210,9), Павлодар (174,2) және Қарағанды (144,8) облыстарында тіркелген.

16 қараша 2011, 19:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.