Теңізде екі балықшының жоғалғаны туралы хабарлама олардың туыстарынан биылғы жылдың 21 мамырында түскен болатын. Олар бір қайықта болған. Каспий теңізінің айдынынан іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, жоғалғандардың бірінің, 45 жастағы Атырау тұрғынының денесін жанбайлықтар 1 маусымда тапқан. Екіншісінің, 40 жастағы Атырау тұрғынының денесі 12 қарашада теңіз жағалауындағы қамыстардан табылды. Оны туыстары киімінен таныды. Жерлеу рәсімі өткен сенбіде өтті.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ