Атырау, 26 қараша 10:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ИМ батыстық ұшақтың орнына РФ авиасоққы бере бастаған соң ресейлік ұшақты жарып жіберген

1 664 просмотра

Image 0Фото: korrespondent.netАлматы. 19 қараша. ҚазТАГ – «Ислам мемлекеті» содырлары ресейлік Airbus A321 ұшағын батыстық ұшақтың орнына Ресей Сирияда ИМ позицияларына авиасоққы бере бастаған соң жарған, деп хабарлады Reuters.

»Ислам мемлекеті» содырлары бастапқыда ресейлік емес, батыстық бір мемлекеттің жолаушылар тасымалдайтын ұшағын жармақшы болған, бірақ Ресей Сирия президенті Башар Асадты қолдап авиасоққы бере бастаған соң нысанды өзгертіп, ресейлік ұшақты жарғанын хабарлады», - делінген жарияланымда.

ИМ жақтаушылары Шарм-эш-Шейх әуежайының қауіпсіздік жүйесінде олқылық тауып, ұшақ бортына бомба алып өткен.

Содырлардың осы мәлімдемесі жарияланған Дебик журналында лимоанд банкілерінен тұратын, детонаторға ұқсайтын сымдары бар қолдан жасалған бомба суреті де жарияланған.

Ұшақты жарған қолдан жасалған бомба осы деп айтылады.

Еске салсақ, 31 қазанда Шарм-эш-Шейх - Санкт-Петербург бағытында 92-68 рейсімен ұшқан «Кагалымавиа» компаниясының Airbus A321 ұшағы Солтүстік Синай провинциясында Эль-Ариш қаласының маңында апатқа ұшырады. Лайнердің бортында 224 жолаушы, олардың ішінде 17 бала болған; барлығы қаза болды. Кейін РФ үкімет басшысы Египет пен авиақатынасты тоқтату мәселесін түсініктеме бере отырып ұшақтың апатқа ұшырауы теракті болуы мүмкін деп мәлім еткенді.

17 қарашада федералдық қауіпсіздік қызмет директоры Александр Бортников А321 ұшағының Египетте апатқа ұшырау себебі теракті болды деп мәлім етті.

Бұрын хабарланғандай, 30 қыркүйекте Ресей президент Башар Асадтың өтінішімен Сириядағы «Ислам мемлекетінің» нысандарына дәлдеп авиасоққы бере бастады.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 қараша 2015, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.