Атырау, 26 қараша 10:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Джеб Буш: Иракта АҚШ әскерін көбейту керек

1 690 просмотра

Image 0Фото: err.eeАҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан үміткер Джеб Буш "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйыммен күресу үшін Иракта америкалық әскерилер санын барынша көбейтуге шақырды.

Оңтүстік Каролинада сөйлеген Буш Иракқа халықаралық коалицияның негізгі құраушысы ретінде Иракқа барынша көп америкалық жіберу қажетін айтты. Ол ИМ содырлары Ирактың солтүстік бөлігін, оның ішінде елдегі ең ірі екінші қала - Мосулды басып алғанын еске салды.

"Радикалды исламшылдар Батыс әлеміне соғыс ашты. Олардың мақсаты - біздің барлығымызды күйрету" деді Буш негізінен курсанттардан тұратын аудиторияға.

"Біз бұл қауіптен жалтара, я содырлармен келіссөз жүргізе алмаймыз. Ьізде тек бір ғана таңдау бар, ол - жеңу" деді Джеб Буш.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан негізгі үміткер, бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон 19 қарашада сөйлейді. Болжам бойынша, ол өткен аптада Парижде болған терактілер, Сирия мен Ирактағы соғыстың жалғасуы сияқты проблемаларды айтады.

Дереккөз: azattyq.org

19 қараша 2015, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.