Атырау, 8 қазан 21:47
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Оқиғалар тізбегі

2 222 просмотра

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 10 қарашада Есенов көшесінің бойынан «Шевроле-Авео» көлігін ұстады. Оның жүк салғышынан 40 келі жас бекіре еті табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Құрманғалиев көшесінің бойында тапа тал түсте хаски күшігі ұрланды. Бейнебақылау камерасы жүрген итті ұстап алып, нөмірі жоқ ВАЗ-2115 көлігімен кетіп қалған ер адамды түсіріп алыпты. Зардап шегушілер оның көшенің шетінде тұратын көршісі екенін білді. Тергеу жүргізілуде.

***

Көкарнада тұрғызылып жатқан алаңнан құрал-саймандардың ұрланғандығы жөнінде 39 жастағы қала тұрғыны шағымданды. «Батыс-32» патрульдік тобы 19-дан 29 жасқа дейінгі төрт күдіктіні ізін суытпай ұстады.

***

Қарашаның 11-інде күндіз белгісіз біреу Қызылқоға ауданының Миялы поселкесіндегі азық-түлік дүкеніне баса көктеп кіріп, шолақ мылтықпен қорқытып, кассадан 20 мың теңгені алып кеткен. АІІБ жедел қызметкерлері күдіктіні, 37 жастағы жергілікті тұрғынды «ізін суытпай» ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Атырау қаласының тұрғынына ҚР ҚК-нің «Кісі өлтіру» бабы бойынша үкім шығарды. Сотта 2014 жылдың 28 желтоқсанында оның Сәтпаев даңғылы бойындағы ескі досының үйіне келіп, бірге тамақтанып отырып, өзінің дос қызын үй қожайынынан қызғанып, оның жүрегіне пышақпен жарақат салғаны дәлелденген. Облыстық соттың баспасөз қызметі Р-дың қатаң режимдегі колонияда 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін хабарлайды.

***

Атырау қаласының әкімшілік соты Иран тумасы болып табылатын Қазақстан азаматы М-ға қатысты шешім шығарды. Ол Баймұханов көшесінде адам көп жүретін қоғамдық орында темекі тұқылын тастаған. Облыстық баспасөз қызметі хабарлағандай, М-ға 19 820 теңге айыппұл салынды.

***

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Атыраудағы букмекерлік кеңселердің бірінің қожайыны тиісті лицензиясыз өз қызметін жүзеге асырғанын анықтады. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, оған «әкімшілік құқықбұзушылық жасаған заттарын тәркілеумен» бірге 49550 теңгеге айыппұл салынған.

19 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.