Бүгін Атырауда алғашқы қар жауды. Аспаннан жапалақтап түскен әдемі қар жерге түсіп, жоқ болды.
Жергілікті синоптиктердің айтуынша (айтпақшы, алғашқы қар туралы айтқан болжамдары дәл келді), өңірімізге бірнеше күн бұрын келген циклон апта аяғына дейін тұрады. Бұл уақытта ауа температурасы түнде -2-5 градусқа дейін төмендесе, күндіз 0,+5 градус болады деп болжануда. Таңертеңгі уақытта тайғақ болуы мүмкін.
...Әлеуметтік желілер еріп кеткен алғашқы қардың суреттеріне толды. Барлығының тілегі бір: «О, Алла, қарлы қыс бере гөр!»
Зинат ОРЫНБАСАРОВА
Суретті түсірген автор