Париж көшелеріндегі полиция патрулі. Фото: APФранцуз ақпарат құралдары Париж қаласының солтүстігіндегі Сен-Дени ауданында полиция жасағы 13 қарашада жасалған терактілерге күдіктіні ұстау операциясын жүргізгенін хабарлады. Атыс 18 қарашаның таңына дейін созылған.
France Press және BFMTV агенттіктерінің хабарлауынша, операция кезінде бірнеше полицей жараланған.
Франция билігі бұған дейін 13 қарашада Парижде 132 адам қаза тапқан терактілерді кемінде сегіз адам жасаған деп хабарлаған. Олардың алтауы денелеріне жасырған жарылғыш заттармен өз-өздерін жарып жіберіп, біреуі сол күні полициямен атыста оққа ұшқан. Ал бір күдікті жасырынып, Бельгияға өтіп кеткен.
Полиция қазір терактілерге сегіз адамнан өзге тағы бір адамның қатысқаны анықталғанын және оны ұстау шаралары жүріп жатқанын айтады.
Дереккөз: azattyq.org