Атырау, 26 желтоқсан 23:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

БАҚ: Шарм-эль-Шейх әуежайының 17 қызметкері тұтқындалды

1 274 рет қаралды

Ресейлік ұшақтың бортына бомбаны орналастырғандарға көмектесті деген күдікпен Мысыр әуежайының қызметкерлері ұсталды. Interfax.ru-дың хабарлауынша, Шарм-эль-Шейх әуежайының 17 қызметкері тұтқындалған. Ал оның екеуі ұшақ бортына бомбаны орналастыруға көмек берді деп айыпталып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан айында таңғы уақытта Шарм-эль-Шейх әуежайынан Санк-Петербург қаласына бағыт алған Ресейдің Airbus A321 азаматтық ұшағы Синай түбегінде апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Ал сейсенбі күні Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников ұшақ апатының себебін лаңкестік әрекет екенін мәлімдеген болатын.

Дереккөз/фото: 24.kz

18 қараша 2015, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.