Атырау, 26 қараша 11:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

РФ Синайдағы лаңкестікке қатысы бар адамдар туралы мәлімет үшін $50 млн сыйақы жариялады

2 383 просмотра

Қылмыскерлерді ұстауға септігін тигізетін мәлімет бергені үшін 50 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы төленеді.

АСТАНА, 17 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Ресейлік арнайы қызметтер А321 бортындағы лаңкестікке қатысы бар адамдар туралы мәлімет үшін 50 миллион доллар сыйақы жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

31 қазанда ірі апат орын алды: Шарм-эль-Шейхтен Санкт-Петерборға ұшқан «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus А321 ұшағы Синайда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды.Олардың барлығы қаза болды.РФ ФҚҚ басшысы Александр Бортников бұны лаңкестік оқиға деп атады.

"Федералдық қауіпсіздік қызметі ресейлік және халықаралық қоғамға лаңкестерді анықтауға атсалысуды сұрайды. Қылмыскерлерді ұстауға септігін тигізетін мәлімет бергені үшін 50 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы төленеді", — деп хабарлады сейсенбіде РФ ФҚҚ қоғамдық байланыстар орталығы.

Дереккөз: newskaz.kz

17 қараша 2015, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.