Египетте Ресейдің "Когалымавиа" компаниясына тиесілі Airbus A321 ұшағы апатына қатысы бар деген күдікпен17 адам ұсталды деп хабарлайды бүгін Египет арнайы қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі. Олардың екеуі - үұшақ ұшып шыққан Шарм-эш-Шейх қаласы әуежайының қызметкері. Тергеушілер екі қызметкер терроршыларға ұшаққа бомба қоюға көмектескен дейді. Мәскеу әзірге мұны растайтын ақпараты жоғын мәлімдеді.
31 қазанда Синай түбегінде болған ұшақ апатынан 224 адам қаза тапқан. Апатқа жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. Ресей билігі бүгін A321 ұшағы апатына теракт себеп болғанын мойындаған. Президент Владимир Путин апатқа кінәлілерді "тауып, жазалауға" уәде берген.
"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Ресей әуе компанияларына ұшақтарға қызмет көрсетуге шетелдіктерді қатыстырмау туралы ұсыныс айтылған.
Дереккөз/фото: azattyq.org