Облыстық әкімдік хабарлағандай, «Атырау Ақпарат» ЖШС («Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері шығады) директоры Төлеген БЕРІШБАЙ өз қалауымен жұмыстан кетті. ЖШС-тің жаңа басшысы болып 30 жастағы Ерболат ҚАМЕНОВ тағайындалды.
Е. Қаменов Атырау Университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтап, «Алтын Орда» газетінің жауапты хатшысы болып жұмыс жасады. Кейіннен Астанаға кетіп, «Астана ақшамы» газетінде корректордан бас редакторға дейін әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы жұмыс орны: «ҚР бірінші президентінің кітапханасы» ММ-нің жетекші сарапшысы.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ