Атырау, 29 қараша 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​ЖКО құрбандарын еске алу акциясы

2 414 просмотра

9 – 15 қараша аралығында облыста «Жол қозғалысы қауіпсіздігі аптасы» өткізілді. Іс-шара 15 қарашада аталып өтетін Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні аясында ұйымдастырылды.

Апталық жол полицияларының қан тапсыру акциясымен басталды. Әкімшілік полиция басқармасы, жол-патрульдік қызмет батальоны және ротасы қызметкерлері 27 литр қан тапсырды.

15 қарашада бекеттерде жол полицияларымен бірге жас инспекторлар да шығып, жүргізушілерге парақшалар үлестірді. Атырау қаласы көшелерімен быт-шыт болып соғысқан екі авто тиелген ұзын жүк көлігі жүріп өтті.

ІІД ӘПБ деректері бойынша, жыл басынан бері облыс аумағында 335 ЖКО орын алып, 65 адам қаза болып, 392 адам жарақат алған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті ІІД ӘПБ ұсынды

17 қараша 2015, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.