Атырау, 26 қараша 11:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ФҚҚ Синайда болған А321 апатын лаңкестік оқиға деп атады

1 581 просмотра

Image 0Ресей президентінің баспасөз қызметі. Синайда апатқа ұшыраған ресейлік А321 ұшағының бортында қуаты тротил эквиваленті бойынша 1 келіге дейін болатын қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған деп мәлімдеді РФ ФҚҚ басшысы Александр Бортников.

АСТАНА, 17 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Синайда апатқа ұшыраған ресейлік А321 ұшағының бортында қуаты тротил эквиваленті бойынша 1 келіге дейін болатын қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған деп мәлімдеді РФ ФҚҚ басшысы Александр Бортников.

"Біздің мамандардың бағалауынша, әуе кемесі бортында ұшырылым кезінде қуаты тротил эквиваленті бойынша 1 келіге дейін болатын қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған, соның салдарынан ұшақ ауада "құлаған", ұшақ корпусы бөліктерінің үлкен қашықтықта шашырауы осымен түсіндіріледі", — деп келтіреді РИА Новости Синайда ресейлік ұшақтың апатқа ұшырау себептерін зерттеу қорытындысы бойынша кеңесте айтылған Бортниковтың сөздерін.

"Бұны лаңкестік акт деп айтуға болады", — деп толықтырды сөзін ол.

31 қазанда ірі апат орын алды: Шарм-эль-Шейхтен Санкт-Петерборға ұшқан «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus А321 ұшағы Синайда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды.Олардың барлығы қаза болды.

Дереккөз: newskaz.kz

17 қараша 2015, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.