Атырау, 26 қараша 12:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Франция Ресейдің қатысуымен ИМ-ге қарсы коалиция құрды

2 074 просмотра

Image 0Фото: AFP Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Франция Сириядағы әскеи күшін үш есеге арттырмақшы және «Ислам мемлекетіне» қарсы құрамына Ресей де кіретін біртұтас коалиция құрмақшы, деп жазады РБК.

«Дүйсенбі күні Версальда 2009 жылдан бері алғаш рет парламенттің қос палатасының депутаттарын жинап Франция президенті Франсуа Олланд «Ислам мемлекетіне» қарсы күрестің өз жоспарын ұсынды (...) Мемлекет басшысы төтенше жағдайды үш айға ұзартатынын, полицейлер мен басқа да күш құрылымдарының саны артатынын, армияның санының қысқартылмайтындығын, екінші төлқұжаты барлардың азаматтығынан айыру, сондай-ақ Конституцияны түзету – онда ол төтенше жағдайлар кезінде президенттің өкілеттігін нақтыламақшы - туралы мәлім етті», - делінген жарияланымда.

Ф.Олланд Сирияны «әлем бұрын соңды білмеген терроризмнің аса ірі фабрикасы» деп атады.

«Сирияда біз проблеманың саяси шешімдерін іздеудеміз, ол Башар Асадта емес, ол Сириядағы біздің ИМ деп аталатын жауымызда. Соққылар күшейе түседі», - деп ол парламентте мәлім етті.

Бұл ретте француздардың экс-президент Николя Саркози бастаған оң қатанындағылар ИМ-ге соққы тек Ресейдің қолдауымен жасағанда тиімді болады деп есептейді. Франция басшысы оны қолдайтындығын айтты. Оның пікірінше «ИМ-ге қарсы күресе алатындардың барлығын біртұтас бір коалицияға жинау керек».

Президент жақында АҚШ пен Ресей басшыларымен кездеспекші екенін мәлім етті. РФ президенті Владимир Путинмен «оң келіссөздердің» қажеттігі туралы британиялық премьер Дэвид Кэмерон мәлім етті. «Егер біз ИМ-ді жоятын болсақ, біз Ресейде де, Бритянияда да өзімізді қауіпсіз сезінетін боламыз», - деп ол қадап айтты.

Өз кезегінде Б. Обама ИМ-ін жоюға бағытталған ресейлік әскери іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Лондон, Вашингтон және еуропалық астаналар «ИМ және Сирия мәселесі бойынша Ресейге жүйелі жақындауды» қалыптастыру үшін ресейліктермен тығыз жұмыс жасап жатқаны айтылады.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 қараша 2015, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.